Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Армения TRIPP көлік дәлізін бірлесіп дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Армения TRIPP көлік дәлізін бірлесіп дамыту мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі Асел Жанасова Армения Республикасына жұмыс сапары аясында Армения Премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорянмен және Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесулердің басты тақырыбы – TRIPP (Trump Route for International Peace and Prosperity) көлік дәлізінің Қазақстан үшін транзиттік мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар, TRIPP бағытын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) жалғасы ретінде дамыту және оны халықаралық көлік-логистикалық желілермен байланыстыру мәселелері талқыланды.

TRIPP – Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік беретін бағыт. Бұл жоба халықаралық көлік дәліздерін әртараптандыруға, жаңа жүк ағындарын тартуға және өңірлік логистикалық байланысты нығайтуға жол ашады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындап, еліміздің Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналу міндетін қойған болатын. Осы мақсатта Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамыту, жаңа бағыттарды ашу және транзиттік әлеуетімізді арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды