Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде көлік полицейлері синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркілеп, ірі есірткі дүкенін жабдықтау арнасын бұғаттады және тұтынушыларға мыңдаған біржолғы дозаның жетуіне жол бермеді. Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің "қоймашылары" ретінде жұмыс істеген. Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін қаскүнемдер жеке үйді жалға алып, кейіннен оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған.

Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды. Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын мойындап, есірткі жасырылған орынның қайда орналасқанын айтты. Нәтижесінде орман алқабындағы аталған жерден есірткі салынған тағы 10 пакет тәркіленді. Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Енді фигуранттарға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Ұсталғандар қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды