Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда құрылыс компанияларына цифрлық бақылау енгізілуде

Қазақстанда құрылыс компанияларына цифрлық бақылау енгізілуде
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы ауқымды құрылыс жүргізу мен инфрақұрылымды жаңғыртуды ел дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде айқындады. 2027 жылы Қазақстан жаңа нысандар салынып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылатын ауқымды құрылыс алаңына айналуы тиіс, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Осындай ауқымды жобаларды табысты іске асыру үшін білікті мамандары, қажетті техникасы және жұмыс тәжірибесі бар сенімді құрылыс және жобалау ұйымдары қажет.

Бүгінде Қазақстанда құрылыс саласында 80 мыңға жуық лицензия тіркелген. Алайда лицензияның болуы компанияның қажетті ресурстарға ие екенін және жұмыстарды сапалы орындай алатынын толық қамтамасыз етпейді.

Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Палата өкілдерімен, оның өңірлік филиалдарымен және құрылыс саласындағы салалық бірлестіктермен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Рысдәулетов құрылыс саласындағы лицензиаттарды цифрлық бақылау тетігін — Лицензиаттардың автоматтандырылған тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) таныстырды.

Тізілімнің негізгі міндеті — қолданыстағы заңнама нормалары шеңберінде лицензия иелерінің біліктілік талаптарын тұрақты түрде сақтауын қамтамасыз ету.

Автоматтандырылған тізілім құрылыс және жобалау ұйымдарының белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне цифрлық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, тексеру барысында білікті мамандардың және қажетті өндірістік базаның болуын растайтын мемлекеттік цифрлық жүйелердің деректері ескерілетін болады.

Бұл іс жүзінде қандай өзгерістер әкеледі? Ең алдымен, тапсырыс берушілер құрылыс және жобалау ұйымдарының сенімділігін неғұрлым объективті бағалай алады. Мердігерді таңдау кезінде лицензияның болуы ғана емес, компанияның нақты мүмкіндіктері, жұмыс тәжірибесі мен қызметінің нәтижелері де ескерілетін болады.

Адал жұмыс істейтін ұйымдар үшін бұл құрылыс жобаларына қатысудың неғұрлым ашық әрі тең жағдайларын қалыптастырады.

Тізілімді енгізу құрылыс нарығының ашықтығын арттыруға, сапасыз құрылыс тәуекелдерін төмендетуге және нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Түптеп келгенде, Тізілім цифрлық шешімдер арқылы компаниялардың тәжірибесі мен әлеуетін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Жүйені тестілік режимде іске қосу ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды