Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысындағы топ-10 кәсіпорын бюджетке 400 миллиард теңгеге жуық салық аударды

Алматы облысындағы топ-10 кәсіпорын бюджетке 400 миллиард теңгеге жуық салық аударды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын биыл тоғыз айда бюджетке 395,34 млрд теңге салық аударды. Олардың қатарында құрылыс материалдарын, сусындар мен азық-түлік өнімдерін өндіретін компаниялар бар. Бұл кәсіпорындарда жалпы саны 6 871 адам жұмыс істейді. Оның 90 пайызы облыс тұрғындары, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бюджетке ең көп салық аударған кәсіпорын – Philip Morris Kazakhstan. Іле ауданында орналасқан компания биылғы тоғыз айда 163,04 млрд теңге салық төлеген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 183,62 млрд теңге болған.

Салық төлемі бойынша екінші орында JTI Kazakhstan тұр. Өтеген батыр кентінде орналасқан зауыт биыл бюджетке 129,95 млрд теңге аударған. Былтырғы салық төлемі 167,55 млрд теңгені құрады.

Үздік үштікті сусындар өндіретін Coca-Cola Almaty Bottlers түйіндейді. Қарасай ауданындағы кәсіпорын биылғы тоғыз айда бюджетке 62,31 млрд теңге салық аударған. 2025 жылы бұл сома 60,05 млрд теңге болған.

Төртінші орында – түрлі сусын мен қаптама шығаратын «Galanz bottlers» акционерлік қоғамы. Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан кәсіпорын биылғы тоғыз айда бюджетке 20,12 млрд теңге салық төлеген. 2025 жылғы төлемі 10,5 млрд теңгені құрады. Компания 1998 жылдан бері алкогольсіз сусындар мен бөтелкедегі су өндіреді.

Салық төлемі бойынша бесінші орында – RG Brands Kazakhstan. Кәсіпорын қаңтар-қыркүйек аралығында бюджетке 7,48 млрд теңге салық аударған. Былтырғы көрсеткіш –  17,37 млрд теңге. Компания шырын, шай және басқа да азық-түлік өнімдерін өндіреді.

Алтыншы орында – Knauf Gypsum Kapchagai кәсіпорны түйіндейді. Алатау қаласында орналасқан зауыт гипсокартон, құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдарын өндіреді. Биылғы тоғыз айда кәсіпорын бюджетке 3,14 млрд теңге салық аударған. 2025 жылғы төлемі 3,87 млрд теңге болған.

Жетінші орында – «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы. Алатау қаласында орналасқан кәсіпорын тез дайындалатын кеспе, вермишель, макарон өнімдері, сорпа қоспалары мен тіскебасарлар өндіреді. Биылғы тоғыз айда компания бюджетке 3,1 млрд теңге салық төлеген. Былтырғы төлемі 3,5 млрд теңгені құрады.

Сегізінші орында – «FoodMaster» компаниясы. Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында орналасқан зауыт сүт өңдеп, сүт және қышқыл сүт өнімдерін, йогурт шығарады. Биылғы тоғыз айда кәсіпорын бюджетке 2,4 млрд теңге салық аударған. Былтырғы көрсеткіш – 2,6 млрд теңге.

Тоғызыншы орында – «Шин-Лайн» компаниясы. Іле ауданындағы кәсіпорын жылына 13 мың тоннадан астам балмұздақтың 140 түрін шығарады. Биылғы тоғыз айда бюджетке 1,9 млрд теңге салық төлеген. Өткен жылғы төлемі 2 млрд теңге болған.

Үздік ондықты «БЕНТ» фирмасы түйіндейді. Іле ауданында орналасқан кәсіпорын теміржол инфрақұрылымына қажетті темірбетон шпалдары мен рельс бекітпелерін өндіреді. Зауыт тоғыз айда бюджетке 1,9 млрд теңге салық аударған. 2025 жылғы төлемі 2 млрд теңгені құрады.

«Ірі кәсіпорындар өңір бюджетіне қомақты салық түсіріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан кәсіпорындардың өндірісті дамытуы және өнімдерін шетелге сатуы облыс экономикасы үшін маңызды. Мәселен, былтыр осы ТОП-10 кәсіпорын жалпы құны 1 148,504 млрд теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 453,06 млрд теңге салық төледі. Олардың өнімдері Қазақстан нарығымен қатар шетелге де жеткізіледі. Атап айтқанда, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерге экспортталады», – деді Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбол Рақымбаев.

Айта кетсек, Алматы облысы биыл мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1,5 трлн теңге түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – өңір тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр облыс алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам түсім қамтамасыз еткен. Оның ішінде республикалық бюджетке – 490,5 млрд, жергілікті бюджетке 628,6 млрд теңге түсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды