Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бір миллионнан астам жасыл желек отырғызылды

Астанада бір миллионнан астам жасыл желек отырғызылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың барлық ауданында 2026 жылы ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Көшелердің бойына, саябақтар мен гүлзарларға, қоғамдық кеңістіктер мен қалалық инфрақұрылым нысандарының аумағына ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазір елордада 4 миллионнан астам жасыл желек бар. Ал «Жасыл белдеу» аумағында тағы 14 миллионға жуық ағаш өсіп тұр. Қалада жыл сайын кемінде 1 миллион ағаш, бұта және гүл отырғызылады.

Жыл басынан бері Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек егілді. Оның 700 мыңға жуығы көктемде, 400 мыңнан астамы күзде отырғызылды. Олардың қатарында шаған, жөке, қайың, қарағай, гортензия, тобылғы, сәлбен және сәндік тұқымды өсімдіктер бар.

Есіл ауданының жасыл қорында 240 мыңға жуық ағаш, 600 мың бұта, 65 мың шаршы метр гүлзар, 5 миллион шаршы метр көгалды және ұзындығы 117 мың метрден асатын жасыл қоршау бар.

Биыл ауданда 70 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды. Көгалдандыру жұмысы Керей-Жәнібек хандар мен Ұлы Дала көшелерінің, Қабанбай батыр даңғылының және басқа да ірі магистральдардың бойында, сондай-ақ EXPO саябағы мен ҚТЖ гүлзарында жүргізілді.

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында 1 138 ағаш пен 11 930 бұта отырғызылды. Қоғамдық кеңістіктерге біржылдық гүлдер де егілді.

Көктемде 556 ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, Ататүрік саябағында 250 ағаш пен 30 бұта, «Амстердам» гүлзарында 185 ағаш егілді. Бұдан бөлек, көктемде ауданда 3 291 сәндік гүлді бұта отырғызылып, гүлзарлар жайқалды. Күзде тағы 582 ағаш егілді. Оның ішінде Кенесары көшесіндегі №62-64 үйлердің маңына – 230, Абай даңғылының Республика даңғылы мен Уәлиханов көшесінің аралығына – 139, Пушкин көшесіндегі №2 және №4 үйлердің жанына – 104, Ататүрік саябағына тағы 50 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар күзде 8 609 сәндік бұта егілді.

Аудандағы өзге де көшелер, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер көгалдандырылды. Өсімдіктерді күтіп-баптауға да ерекше көңіл бөлінеді. Былтыр Ж. Тәшенев көшесіндегі гүлзарға отырғызылған 80 алма мен алмұрт ағашы жерсініп, биыл алғашқы жемісін берді. Сарайшық ауданында 75 мыңға жуық ағаш, 31 мың бұта, 10 мың шаршы метр гүлзар, 2,4 миллион шаршы метр көгал және ұзындығы 21 мың метрден асатын жасыл қоршау бар.

Биыл ауданда 35 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды. Бұл жұмыс Р. Қошқарбаев даңғылының бойында, Есіл өзенінің жағалауында, А. Бөлекпаев көшесіндегі аллеяда, Астана – Қарағанды тасжолының бойында, Ұлттық музей маңында және басқа да аумақтарда жүргізілді.

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында біржылдық және көпжылдық гүлдер мен бұталарды есептегенде, 333 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Сондай-ақ 4,4 мыңнан астам ағаш егілді.К. Күмісбеков көшесінде 500-ден астам ағаш пен 2,4 мыңнан астам бұта отырғызылды. Көгалдандыру үшін қарағай, қарағаш және мамыргүл отырғызылды. Бұл жұмыс Кенесары көшесінде, «Көктал» саябағында, «Наз» театрының жанындағы гүлзарда және ауданның тұрғын алаптарында да жүргізілді. Кенесары көшесінде жергілікті суару жүйесі қарастырылған.

Алматы ауданының жасыл қорында 99,7 мыңнан астам ағаш, 68,1 мың бұта және ұзындығы 28,2 мың метр жасыл қоршау бар. 2026 жылы ауданда ағаштар, сәндік гүлді бұталар, көпжылдық гүлдер мен астық тұқымдас өсімдіктерді есептегенде, 42 332 жасыл желек отырғызылды.

Сонымен қатар көгалды тұстар ашылып, жасыл аймақтар абаттандырылды.
Былтыр негізінен ағаш отырғызуға басымдық берілсе, биыл қоғамдық кеңістіктерді гүлдермен, бұталармен, көгалдармен және альпі төбешіктермен безендіруге көбірек көңіл бөлінді.

Нұра ауданында биыл 5,5 мыңға жуық ағаш, 75 мың бұта және 9 мыңнан астам көпжылдық гүл отырғызылды. Сондай-ақ көгалдандыру, құрылыс жобалары мен экологиялық акциялар аясында 500 мыңнан астам жасыл желек егілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды