Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автожолы жаңарып, жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автожолы жаңарып, жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күніне орай Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған қос бірдей жоба халық игілігіне берілді. Алдымен республикалық маңызы бар, 74 шақырымға созылған «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысы толық аяқталып, көлік қозғалысы басталды. Сондай-ақ «Алматы – Кеген» автомагистралінің бойында «Compass Group» жанар-жағармай бекеті ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңарған жол жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік қозғалысының қолайлылығын арттырады. Күн сайын бұл бағытта 1200-ден астам көлік қатынайды. Жоба құны – 8,1 млрд теңге. Құрылыс жұмысына 350 мың тонна құм-қиыршықтас және 165 мың тонна асфальтбетон қоспасы пайдаланылды. Сонымен қатар жол бойындағы 14 аялдама жөнделіп, 78 жол қиылысы мен кірме жол ретке келтірілді. Су өткізу жүйесін жақсарту мақсатында алты құбыр орнатылды.

Жолдың салтанатты ашылу рәсіміне игі жобаны іске асырған жұмысшылар, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері, облыс, аудан басшылығы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі сапалы жол экономиканы өркендетіп, халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ететін басты негіз екенін атап өтті.

«Аталған бағыт шалғайда жатқан қос ауданның елді мекендерін жалғап қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз тасымалдауға, туризмнің дамуына және аймақтағы экономикалық байланысты нығайтуға тікелей ықпал етеді. Ең бастысы, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына жағдай жасалды. Ендігі кезекте жолдың күтімін сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Атқарылған жұмыстың игілігін ел-жұрт ұзақ жылдар бойы көруі қажет», – деді Шыңғыс Әрінов. 

Соңғы екі жылда «ҚазАвтоЖол» Алматы облысындағы жол инфрақұрылымын дамытуға 32 млрд теңге қаржы бөлді. Соның арқасында 400 шақырым жол жаңартылды. Қазіргі таңда «Алматы – Қаскелең» автомобиль жолы 4-тен 8 жолаққа кеңейтіліп жатыр. Жыл соңына дейін «Алматы – Талғар» бағытында жөндеу жұмысын бастау жоспарланып отыр. 

Өңірге келетін туристер санын арттыру, демалушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында іске асырылған маңызды жобаның бірі – жаңа жанар-жағармай бекетінің ашылуы. Салтанатты рәсімде Алматы облысының әкімі құттықтау сөз сөйлеп, аудан халқына заманауи кешенді тарту еткен азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Бизнес өкілдерінің мұндай бастамалары сапалы сервистің дамуына, бәсекелестіктің өсуіне және жергілікті экономиканың жандануына жол ашатын маңызды қадам. Алдағы уақытта да кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және заманауи инфрақұрылым нысандарының санын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады. Бүгінгі ашылып отырған «Compass Group» кешені Алматы – Кеген бағытымен қатынайтын жолаушылар үшін сенімді аялдамаға айналып, қызмет көрсету мәдениетін жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы. 

Кешеннің жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Мұнда жанармай құю станциясы, экспресс-маркет, дәмхана және демалыс аймағы бар. Жоба құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Қазір бекетте 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды