Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктерге тиесілі

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктерге тиесілі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы зиянды заттар шығарындыларының жылдық көлемінің шамамен 60 пайызы автокөлікке тиесілі. Бұл жылына 113 мың тоннаға жуық зиянды зат деген сөз. Дегенмен ауаны көлік қана ластамайды. Бұл туралы Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы зиянды шығарындылардың жалпы көлемі шамамен 189 мың тонна. Оның басым бөлігі автокөлікке тиесілі.

Ауаның ластануына көмір және отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлер де әсер етеді. Сондай-ақ қатты және сұйық отын пайдаланатын нысандардан, соның ішінде моншалар мен қоғамдық тамақтану орындарынан, әсіресе кәуапханалардан шығатын түтін де ауаны ластайды.

Алматының табиғи ерекшеліктері де ауа сапасына әсер етеді. Қала Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қыста, әсіресе желсіз күндері, температуралық инверсия құбылысы байқалады. Яғни, жылы ауа қабаты зиянды шығарындылардың жоғары қарай таралуына кедергі келтіреді. Соның салдарынан ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін экологиялық талаптарды кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Атап айтқанда, 2025 жылы 30 желтоқсанда бекітілген Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары ластайтын стационарлық көздерге бақылауды күшейтуді, газ тазарту қондырғыларын пайдалануды, сондай-ақ газ тартылған аудандарда қатты және сұйық отын жағуды шектеуді қарастырады.

Көліктен шығатын зиянды заттарды азайту да маңызды бағыттардың бірі. Қалада автобус паркін жаңарту жұмыстары жалғасып, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар желісі кеңейіп келеді. Бұл шаралар тұрғындардың жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалануға жағдай жасауға бағытталған.

Бұдан бөлек, биыл сәуір айынан бастап Алматыда шығарындылары төмен аймақты (LEZ) енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаның сынақ кезеңінде оған қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Кіру үшін ақы алынбайды, айыппұл салынбайды және көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. Жоба аясында болашақта автокөліктерге қойылатын экологиялық талаптарды енгізу тетіктері сынақтан өткізіледі.

Ауаның ластануын азайту жұмыстары көлік саласын ғана емес, отын пайдаланатын және атмосфераға зиянды заттар шығаратын басқа да нысандарды қамтиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды