Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық семсерлесуші Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астаналық семсерлесуші Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Бахрейннің Манама қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтті. Ел намысын қорғаған елордалық спортшы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтық додаға 25 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшысы Мансұр Естеу Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, ерлер арасындағы рапирамен семсерлесуден командалық сайыста күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының сапында елордалық Мансұр Естеумен бірге алматылық спортшылар Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов және Евгений Токанов өнер көрсетті.

Финалға дейінгі жолда қазақстандық семсерлесушілер Қытайлық Тайбэй мен Қатар құрамаларын бірдей 45:43 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін өтетін шешуші кездесуге жолдама алды.

Финалдық бәсекеде отандастарымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, 31:45 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы рапирамен семсерлесуден U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды