Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады
Фото: primeminister.kz

Абай облысында инвестициялар тарту, жоғары технологиялық өндірістер құру және өңір экономикасын әртараптандыру үшін «Семей» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылады. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық ахуалды жақсарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Ауданы 600 гектар болатын жаңа АЭА Жаңасемей ауданында орналастырылады.  Оның аумағында жоғары технологиялық заманауи өнеркәсіптік-өндірістік кешен құру жоспарлануда, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындары болады. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпорындар мен логистикалық инфрақұрылым арасындағы өндірістік байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

АЭА аумағындағы жобаларға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 1,4 трлн теңге деңгейінде болады деп болжануда. 

Жаңа кәсіпорындарды іске қосу 14 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Осылайша, «Семей» АЭА ашылған кезде елімізде 15 өңірде 19 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтін болады, олар жаңа өндірістерді ұлғайтуға және өнеркәсіп өнімдерін шығаруға мүмкіндік туғызады. 

Өңір экономикасы үшін сабақтас салаларды дамыту, жергілікті бизнестің тауарлары мен қызметтеріне сұранысты өсіру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту сынды мультипликативті әсер күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды