Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда отбасылық жанжал шығарған азаматқа 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды

Павлодарда отбасылық жанжал шығарған азаматқа 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды
Фото: polisia.kz

Павлодарда "Қауіпсіз үй" ЖПІШ аясында отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты шаралар қабылданды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекетке жол берген азаматқа қатысты тиісті шаралар қабылдады. Анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтқан және отбасының тыныштығын бұзған. Оқиғадан кейін әйел полиция көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Жиналған материалдар негізінде Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматты отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға құрметсіздік білдіретін, атап айтқанда, балағат сөздер айту, қорлай тиісу және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сонымен қатар бір жыл мерзімге мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынды. Сондай-ақ азамат учаскелік полиция пунктіне айына екі рет келіп белгіленуге және тұрғылықты жері бойынша психологиялық көмек алуға міндеттелді. Полиция отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген көрінісі назардан тыс қалмайтынын ескертеді. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды