Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да 40-қа жуық тұрғын алаяқтардың құрбаны болды

СҚО-да 40-қа жуық тұрғын алаяқтардың құрбаны болды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтар медициналық мекеме қызметкерлерінің атын жамылып, тұрғындарды алдаудың жаңа тәсілін қолдануда. Қазіргі уақытта осындай айла-шарғының салдарынан өңірдің 40-қа жуық тұрғыны зардап шеккен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар азаматтарға телефон шалып, скринингтен немесе флюорографиядан өту, медициналық талдаулар тапсыру қажеттігін айтады. Осылайша, медициналық қызметке қатысты ақпаратты желеу етіп, тұрғындардың сеніміне кіреді. Мұндай жағдайда кез келген медициналық процедураны сылтау етуі мүмкін.

Әңгіме барысында қаскөйлер азаматтарға "электронды кезекке" тіркеуді ұсынып, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Кодты иемденгеннен кейін банк, eGov немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде қайта хабарласады.

Олар азаматтың SMS-кодты бөгде адамға айтып қойғанын, соның салдарынан оның атына несие рәсімделіп жатқанын жеткізеді. Кейін мәселені шешудің жолы ретінде "қатесіз несие" рәсімдеуді ұсынып, ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Алайда мұның бәрі – азаматтардың ақшасын иемденуге бағытталған алаяқтық әрекет.

- Қылмыскерлердің азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуі мүмкін екенін ескеру қажет. Облыста алаяқтардың дерекқорларды бұзып, адамдардың сеніміне кірген жағдайлары тіркелді. Мәселен, олар азаматтардың қандай талдаулар тапсырғанын немесе дәрігер қабылдауына қай уақытқа жазылғанын білген.

Есте сақтаңыз: медициналық қабылдауға жазылуды растау үшін ешкімге SMS-кодты айту қажет емес. Егер сізге медициналық мекеме атынан қоңырау шалынса, әңгімені тоқтатып, ақпаратты тексеру үшін учаскелік медбикеге немесе тіркеу бөліміне өзіңізге белгілі ресми нөмір арқылы хабарласыңыз, – деп ескертті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов. 

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың 443 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30 пайызға аз. 

Полиция тұрғындарды сақ болуға, бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды, банк деректемелерін және жеке мәліметтерін бермеуге шақырады. Сондай-ақ телефон арқылы айтылған күмәнді нұсқауларды орындамай, кез келген ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды