Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында полиция есірткі зертханасын жойды

Қызылорда облысында полиция есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полиция есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз есірткі қылмысымен айналысқан 52 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында оның тұрғылықты мекенжайынан ішінде арнайы фито-зертханасы бар жылыжай анықталды.

Бөлменің қабырғалары пластик фольгамен қапталған. Өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары және суаруға арналған құрал-саймандар тәркіленді.

Полиция қызметкерлері зертхана ішінен 214 түп қарасораны заттай дәлелдеме ретінде тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіге жуық екені анықталды.

Одан бөлек тұрғылықты жері бойынша сарай ішінен 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетке және пластикалық бөтелкеге салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар кептірілген шөп тәріздес заттар алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес осы тәркіленген заттар жалпы салмағы 5,4 келі кептірілген марихуана, 4,65 грамм гашиш болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады