Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында тұрғын ауласында жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған

Ақтөбе облысында тұрғын ауласында жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында тұрғын ауласында жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарасора” ЖПІШ аясында 28 қазанда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге жедел іс-шаралар жүргізу барысында Алға ауданындағы ауылдардың бірінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өндірумен айналысқан 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған азаматтың есіткілік мас күйде болғаны анықталды.

Мекенжайы бойынша тінту барысында ауыл тұрғынының жер үйінің шатырынан 17 түп кептірілген қарасора табылып, тәркіленді және үйдің ауласынан қазылған жертөле анықталып, жертөледен ыдысқа отырғызылған 79 түп қарасора мен лампалар, таймері бар датчик, тыңайтқыштар, градусник, желдеткіш табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер жалпы салмағы 7 келіге жуық кептірілген марихуана есірткі заты екені расталды.

Анықталғандай, жұмыссыз ауыл тұрғыны үйінің ауласынан жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырып, есірткіні Ақтөбе қаласының аумағында сатуды мақсат еткен.

Бұл деректер бойынша күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады