Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада үйінің ауласында 1 мың түп сора өсірген тұрғын ұсталды

Қызылордада тұрғыннан жалпы салмағы 320 келіден асатын 1089 түп сора өсімдігі және төрт келіден асатын марихуана есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы 16 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 48 жастағы тұрғыны есірткінің заңсыз айналымымен айналысқаны үшін ұсталды.

Оның тұрғылықты мекенжайының ауласына қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында әрқайсысы 3-4 метр биіктікке дейін өсіріліп, бапталған мың түптен аса сора өсімдігі анықталды.
Одан бөлек, сора өсімдігін кептіріп, дайындалған 2 қапқа және көлемі 5 литр болатын 5 дана пластикалық ыдысқа нығыздалып, салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас шөп ұнтақтары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 320 келіден асатын 1089 түп сора өсімдігі және 4 келіден асатын марихуана есірткі затына жататынын бекіткен.

Аталған азамат күдікті ретінде танылып, одан жауап алу барысында аса ірі көлемдегі есірткіні өзі тұтынатынын, арасында көлеңке жолмен қаражат табу мақсатында сататынын көрсеткен.

Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 296-бабының 4-бөлігіне (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты