Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалық полицейлер жасырын есірткі зертханасын жойды

Ақмолалық полицейлер жасырын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосшы қаласы полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Лесная поляна тұрғын үй массивінің аумағында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан темекі шегуге арналған қолдан жасалған құралдар және ішінде өсімдік тектес заты мен ерекше иісі бар 100-ге жуық сіріңке қорабы тәркіленді.

Алынған зат марихуана болып шықты. Жоғарыда аталған есірткі құралдарын сатып алу арнасын анықтау мақсатында полицейлер Қосшы қаласында сәтті арнайы операция өткізді. Нәтижесінде, Ресей Федерациясының 39 жастағы азаматы ұсталды.

Шетелдік жалға алған үйден полиция масаның торларында кептірілген белгілі бір иісі бар сұр-жасыл түсті қарасораға ұқсас өсімдікті тауып, салмағы 19 кг болатын 35 бұтаны тәркіледі.

Сонымен қатар, есірткі заттарын өсіруге және өндіруге арналған әр түрлі құрылғылар, соның ішінде күн сәулесін имитациялауға арналған арнайы шамдар, топыраққа арналған тыңайтқыш және температура тетіктері тәркіленді.

2011 жылдың тамыз айынан бастап аталған тұлға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 111-бабында көзделген қылмыстық әрекеттері үшін Ресей ІІМБ Тюмень облысы бойынша мемлекетаралық іздеуде екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігі).

Полиция қызметкерлері қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Айыпталушы қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды