Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте тұрғын-үй кешендерінен 458 арендалық пәтер ел игілігіне беріледі

Шымкентте тұрғын-үй кешендерінен 458 арендалық пәтер ел игілігіне беріледі
Фото: pixabay.com

Үшінші мегаполистің әкімі Ғабит Сыздықбеков нарықтан сатып алуға қарастырылған тұрғын-үй кешендерінің сапасын тексерді. Бұл үйлер жұмыс істейтін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға үлестіріледі.

Құрылысы біткен кешендерді аралау  барысында қала басшысы  «Жас отау», «Bauhouse», «Integra» және «Қарлығаш» тұрғын үй кешендерімен танысып, сапасына қатысты бірқатар кемшіліктерді де тілге тиек етті. Жауаптыларға аталған олқылықтарды қысқа мерзім ішінде жою бойынша тапсырмалар жүктеді.

«Жас отау» тұрғын -үй кешенінде 250 пәтер бар, жалпы алаңы 14 364 шаршы метрді құрайды. «Bauhouse» тұрғын -үй кешенінде 350 пәтер орналасқан, жалпы аумағы – 21,7 мың шаршы метрді құрайды. Ал, «Integra» тұрғын -үй кешенінде 140 пәтер салынған, жалпы көлемі – 8 353 шаршы метр. Сондай-ақ, «Қарлығаш» тұрғын- үй кешенінде 100 пәтер бар, жалпы ауданы 6 000 шаршы метрді құрайды. Тұрғын -үй кешенінің барлығына инфрақұрылым жүйесі толық тартылған. Жоғарыда аталған тап осы кешендерден  458 пәтер нарықтан сатып алынады. Бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Құжаттамаға қатысты жұмыстары аяқталған соң, мемлекеттік бағдарлама аясында арендалық баспаналар ел игілігіне беріледі. Жалпы, биыл Шымкент қаласында  нарықтан 1 405 пәтер сатып алу көзделген. Оның ішінде 900 пәтері жастарға, ал 505 пәтері халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға арналған. Бүгінге дейін 917 пәтер нарықтан сатып алынды, қалғанын жыл соңына дейін рәсімдеп алу жоспарланып отыр.

Миллионды тұрғыны бар қала үшін баспана мәселесі қашанда актуалды боп қала бермек. Кезең-кезеңімен іске асып жатқан мемлекеттік бағдарлама аясында бұл мәселе де шешімін табатын болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты