Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 1073 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр

Шымкентте 1073 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр
Фото: pixabay.com

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол Шымкент қаласындағы тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымның құрылыс барысын бағамдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тексеру жұмыстары шаһардағы «Бозарық» және «Нұрсат-2» шағын аудандарынан басталды. 2023 жылы Шымкентте 1073,0 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй саясаты тұжырымдамасы арқылы мемлекеттік бюджет есебінен 98 көпқабатты тұрғын үй немесе 4090 пәтер салу көзделген. Оның ішінде жалға берілетін  444 пәтер және кредиттік тұрғын үй 3646 пәтер бар.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 230,1 мың шаршы метр 67 тұрғын үйді немесе 3040 пәтерді пайдалануға беру межеленген. Бұдан басқа жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 505 пәтер бөлу көзделген.

Сонымен қатар Б.Қабдол инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралап шықты. 2023 жылы Шымкент қаласының аумағында 18 инженерлік инфрақұрылым жобасын құрылысы іске асырылады.

Тексерудің қорытындысы бойынша ИИДМ өкілі құрылыс жұмыстарын қарқындатып, тиісті жобаларды уақтылы іске асыру мақсатында инженерлік инфрақұрылым құрылысына тұрақты бақылау жүргізуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты