Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте "Amanat art hab" орталығы ашылды

Шымкентте
Фото: "Шымкент келбеті" газеті

Шымкентте өткен креативті индустрия бағытындағы форум экскурсияға ұласты. Туристер мегаполистегі ұлттық құндылықтардың қыр-сырымен танысып, көне мәдениетті жаңғыртып отырған кәсіпкерлердің жұмыстарын  бағамдады.  


2200  жылдық  тарихы  бар  қаланың  тарихи  орындарына арнайы барды. Осы іс-шара  аясында Шымкентте «Amanat art HUB» орталығы салтанатты түрде ашылды. Креативті индустрияны дамыту – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сондықтан осы күні шымкенттік озық ойлы мамандар үшін арнайы тап осы  хаб ашылып отыр. Орталық креативті бастамалары бар азаматтар үшін қызмет етеді.


Шымкент қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы  Азамат Нұрымбетовтың мәлімдеуінше, бұл орталықтағы  кеңістік этно-студияға негізделген. Мұнда  қазақтың көне бұйымдарын заманауи болмыспен жаңарған түрде табуға болады. Аталмыш орталық ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, қазақы нақыштарды жаңғыртуда көш бастап тұрған бірден-бір орын болмақ. 


Мұнан соң қонақтар Жұмабек Тәшенов атындағы Университеттің креативті инудстрия жұмысымен танысты.Тәлімгерлердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап, оң бағаларпын берді. 

"Мен Алматыдан келдім. Кеше форумға қатысып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік ахуалын кретивті тұрғыда дамыту бойынша өз ойымды білдірдім. Бүгін міне, көне қаланы көріп тұрмыз. Бұл жер өте қызы. Шынымен қаланың қалай күн кешкенін анық көруге болады. Салыстырмалы түрде Шымкенттің бүгінгі дәрежесі өте жоғары деп айтуға болады", - дейді форум қатысушысы Айман Молдабекова. 
Шара барысында қонақтар соңдай-ақ, белгілі қолөнер шебері Болатбек Бейісбековтың «Алтын Орда» галереясында болды. Ол жерде отбасылық ерекше жобалармен танысып, үшінші  мегаполистің озық ойлы, жаңа заманғы жобаларына жоғары баға беріп тарқасты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді