Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alatau Creative Hub» орталығына барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығына барды. Нысан «Шетсіз қала» стратегиясын жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсан айында ашылған, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Орталықта компьютерлік бағдарламаларды жасауды үйренуге, креативті индустрияны дамытуға, шығармашылық әлеует пен виртуалды өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы мұнда түрлі бағыттар бойынша 25 үйірме тегін жұмыс істейді.

Президентке кітапхана, балалардың ойын алаңы, вокал студиясы, IT зертхана, электр техникасы мен робот техникасы залдары, дәстүрлі музыкаға арналған мультимедия орталығы таныстырылды.  

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына цифрландыру құралдарын қолдануға, креативті индустрияны дамытуға арналған презентациялар көрсетілді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентке қаланың көлік жүйесін дамыту жөнінде баяндады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметкерлерімен және онда келушілермен әңгімелесіп, суретке түсті, сондай-ақ олардың жұмысына табыс тіледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді