Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыға кіреберісте Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді

Алматыға кіреберісте Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Алматыға кіреберісте Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыға есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетін ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ, кинология қызметі және “Буран-278” патрульдік экипажындағы әріптестерінің көмегімен жолын кесті.

– Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында Toyota Camry көлік тоқтатылды. Көлік ішінде Жамбыл облысы, Шу ауданының екі тұрғыны болды. Жоғарыда аталған автокөлікті тінту барысында әрқайсысының салмағы 24 келі болатын 7 қорап табылып, тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісті жасыл түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламдары болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 151 келі 328 грамм болатын гашиш есірткі екені расталды. Айыпталушылар қамауға алынды. Олар біздің жедел бөлімшелердің қызметкерлері бірнеше ай бойы әзірлеген есірткі тізбегінің буыны саналады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында 1982 жылы туған Т.есімді азамат ұсталған болатын, одан салмағы 54 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді, ал қазан айында 1993 жылғы Г.есімді азамат ұсталды. Оны тінту кезінде 6 келі гашиш салынған байлам табылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты