Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тараз тұрғынынан көкнәр, марихуана және гашиш тәркіленді

Тараз тұрғынынан көкнәр, марихуана және гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Тараз тұрғынынан көкнәр, марихуана және гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатындағы “Қарасора – 2023” жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ҚР ІІМ “Бүркіт” ҰҰ арнайы мақсаттағы жасағын және Урия атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, Тараз қаласының Ақбұлақ шағынауданында 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Үйге тінту жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 4,7 келі кептірілген марихуана, салмағы 13,85 грамм гашиш есірткі заты және салмағы 7,76 грамм көкнәр есірткісі табылып, тәркіленді.

– Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді