Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлер Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарынан есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданындағы жабайы қарасора өсетін алқаптарда жедел ақпаратты жүргізу барысында аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен Шымкент қаласының 41 жастағы тұрғыны мен Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде ерекше иісі бар өсімдік тектес зат бар полиэтилен қаптарының үшеуі табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес 9 келі 880 грамм кептірілмеген марихуана мен салмағы 10 келі 730 грамм каннабис алынды.

Ұстау шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІД, ҚР ІІМ ЕҚҚІД және ҚР ҰҰ “Бүркіт” АМБ қызметкерлері жүргізді.

– Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың сакциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді