Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болады

Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми Telegram каналында. 

Ведомство мектеп формасына қатысты өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылатынын атап өткен. Сонымен бірге министрлік ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағым түскені жөнінде жазған. Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылдаған.

"Бұл ретте ата-аналардың назарын талаптардың өзі өзгермегеніне аударғымыз келеді. Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады. Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады", - дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ Гүлмира Кәрімованың айтуынша, оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетіледі. Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін "Жалпыға міндетті білім беру" қорынан қолдау жасалмақ.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді