Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда Интернетті тұтыну 2018 жылдан бері 3 есе өсті

Қазақстанда Интернетті тұтыну 2018 жылдан бері 3 есе өсті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг барысында Қазақстанда Интернетті тұтыну көлеміне, сондай-ақ, оның сапасы мен тарифтеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін елімізде Интернетті тұтыну көлемі үш есеге жуық өсті – егер, 2018 жылы қазақстандықтар 356 петабайтты пайдаланса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1000 петабайтқа жетті. Сонымен қатар, күн сайын тұтынылатын интернет-трафик саны да артып келеді.

Сонымен қатар, ведомствода хабарлағандай, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ұялы байланыс операторларының төрағаларымен кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша Интернет сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын беруді талап етті.  Оған пайдаланушылардың желінің жылдамдығы мен сапасына қатысты көптеген шағымы себеп болды. Бұдан бөлек, Бағдат Мусиннің ұсынысы бойынша ұялы байланыс операторларына Орталық коммуникациялар қызметінде тарифтер және интернет сапасын жақсарту бойынша брифингін өткізу тапсырылды. Брифингте мобильді операторлар және Цифрлық даму министрлігінің өкілдері қатысады.

Журналистермен өткен брифинг барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету, цифрлық сервистердің жұмысы, инновацияларды енгізу және басқа да мәселелер талқыланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты