Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек елордада интернет сапасын қалай жақсартатынын айтты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада интернет сапасы мен жылдамдығына қатысты қала тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жеңіс Қасымбек өз сөзінде астаналықтардан интернеттің сапасы мен жылдамдығына қатысты шағым түсіп жатқанын атап өтті.
"Қаламызда мұндай проблемалар бары жасырын емес. Негізінен құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандар мен елдімекендерде кездеседі. Сол сияқты интернет құрылыс қарқынына ілесе алмайтын сәттер де болып тұрады. Бұл мәселеде құрылыс компаниялары байланыс құрылысын қоса ескеруін, ал байланыс операторлары мен өзге де жауапты органдар құрылыстың жоспарына қатысуын қарастырамыз. Осындай өзекті мәселелерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен, Қазақтелеком басшысы Қуанышбек Есекеевпен, ұялы байланыс операторларының өкілдерімен және т.б. бірлесе талқыладық", - дейді ол. 
Бұл талқылаудың нәтижесінде Астанада интернеттің сапасын жақсарту үшін бірнеше механизм қолданылатын болып шешілген.
"Олар – оптикалық байланыс желілерін, антенна-діңгек құрылысын, FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы бойынша базалық станцияларды орнату. Бұл жұмысқа инвесторларды да жұмылдырамыз. Сонымен қатар жарықтандыру және электр желісінің тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды, бұл елдімекендердегі интернет сапасын едәуір жақсартады. Көктал-1, Агроқалашық, Интернациональный, Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Телман, Мичурин, Қазқалашық, Кирпичный елдімекендерінде оптикалық байланыс желілерін салу жұмысы жүріп жатыр, тағы 3 елдімекен бойынша инвесторлар тартамыз", - дейді елорда әкімі. 
Оның сөзінше, бірақ мұның өзі де жеткіліксіз.
"Қала күннен күнге өсіп жатыр, ал елорда тұрғындары жыл сайын 50-60 мың адамға артып келеді. Қолда бар инфрақұрылымға мән беріп қана қоймай, болашақты ойлап, алдын ала дамыту қажет. Сол себепті алдымызда мұндай проблемалар санын азайту әрі құрылыс кезеңінде байланыс құрылымдарын қоса салу міндеті тұр", - дейді Жеңіс Қасымбек.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады