Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мусин қоғамда дау тудырған мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Мусин қоғамда дау тудырған мәлімдемесіне қатысты түсінік берді
Фото: instagram.com/bagdatmussin/

Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қоғамда дау тудырған мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.

"Кеше Мемлекет басшысының алдында сөйлеген сөзім көрсетілген бейнематериалдың бір бөлігі қоғам тарапынан қызу талқыға түсті. Мен бұған дейін Президентке саладағы жағдай туралы айтқан болатынмын, сондықтан Мемлекет басшысы баяндамамды тоқтатып, мәселемен таныс екенін айтты, сондықтан менің видеодағы сөйлеген сөзім аяқталмағандай көрінді. Бейненің бөлігін қызу талқылап жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен сарапшыларға кездесуде айтылған сөзімнің толық нұсқасы қолжетімді болады деп ойлаймын". Бағдат Мусин

Министр Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуге бара жатқанын, жолдағы уақытты пайдаланып, өзіне келіп жатқан көп сауалға жауап беруді және кейбір интернет-сарапшылардың оның сөздерін дұрыс түсіндірмеуіне пікір білдіруді шешкенін айтты.

"Біріншіден, назар аударғым келетін нәрсе - байланыс құны. Біз интернет құнының арзандығы бойынша әлемдегі 10 елдің ішінде болмасақ та, 20 елдің ішіне кіреміз. Бұл факт. Бірақ, арзан байланыс операторлар үшін тиімді емес екенін түсіну маңызды. Бұл бизнес, сондықтан бизнесті дамыту, яғни желіні құру және сапаны жақсарту үшін инвестиция қажет. Кіріспен бірге инвестициялар келеді. Егер табыс төмен болса - даму үшін инвестиция құйылмайды, тиісінше сапа да болмайды. Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты, елде трафикті тұтыну бірнеше есе өсті. Бұл нені білдіреді? Бұл операторлар желісіндегі жүктеме де артты деген сөз. Бірақ шығындар тұтынылатын трафиктің көлеміне сәйкес тепе-тең түрде өскен жоқ. Қазақстан - мобильді трафикті тұтыну бойынша жетекші елдердің бірі және мобильді желіні қолдану жағынан да алдыңғы қатарда".Бағдат Мусин

Министр IKS-Consulting деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 1 пайдаланушыға арналған Интернеттің мобильдік трафигінің орташа көлемі айына 13,9 Гбайт болатынын айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді