Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Капилатының жартысы "Самұрыққа" тиесілі компаниядан 830 млн теңге жымқырылған

Капилатының жартысы
Фото: kazlenta.kz

Павлодар облысында капиталының 50% «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі көмір өндіру кәсіпорнындағы жымқыру схемасы әшкере болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл фактіні ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь-Көмір» ЖШС-мен бірлесіп анықтады.

“Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында «Богатырь-Көмір» ЖШС қабылдау комиссиясымен алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі түрде серіктестіктің қаражатын жымқырған. Схема бойынша жалпы сомасы 830 млн теңгені құрайтын жаңа бөлшектердің орнына айтарлықтай тозған пайдаланылған қосалқы бөлшектер жеткізілген”, – делінген хабарламада.

Бұл әрекет мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтірген. Күдікті үйқамаққа алынды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұдан бұрын «Богатырь Көмір» компаниясы басшыларының ұрлығы әшкереленген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады