Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан көмір экспортын ұлғайтты

Қазақстан осы жылдың 6 айында 271 млрд теңгенің көмірін өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Energyprom.kz порталының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-маусымында елімізде лигнит (сапасы төмен қоңыр тас көмір) пен көмір концентратын қоса алғанда 57,4 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,9 пайызға жоғары. Ал ақшаға шаққанда 271 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 53 млн тонна тас көмір, 2,6 млн тонна лигнит және 2 млн тонна көмір концентраты алынды. Өңірлер арасында Павлодар облысы жыл ішінде көмір өндірісі 4,9 пайызға арттырып, 33,9 млн тоннаға жеткізді.

Екінші орында Қарағанды облысы тұр. Өңір бір жылдың ішінде көмір өндірісін 2,3 тоннаға ұлғайтып, 18,4 млн тонна көмір өндірді. Қазақстан қаңтар-мамыр айларының қорытындысында 344,2 млн долларға 13,7 млн тонна көмір экспорттады. Бір жыл ішінде нақты мәндегі өсім 21,1, ал ақшаға шаққанда 91,5 пайызды құрады. Көмірдің басым бөлігі, 9,1 млн тоннасы ТМД елдеріне жөнелтілді. Қазақстан өнімін негізгі импорттаушы Ресей болды.

Бұл ел осы жылдың 5 айында 8,4 млн тонна көмір сатып алды. Сонымен қатар үздік үштікке Қырғызстан мен Беларусь кіреді. Ал ТМД елдеріне кірмейтін қалған мемлекеттерге 4,6 млн тонна көмір жөнелтілді. Бұл ретте Швейцария 3,3 млн тонна көмір сатып алды. Одан кейінгі орында Польша мен Кипр тұр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді