Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда былтыр 111 млн тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші кәсіпорындары көмір концентратын есептемегенде өткен жылы 111,7 млн тонна көмір өндірді. 2020 жылмен салыстырғанда өсім 2 % құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Энергия өндіруші кәсіпорындарға 59,3 млн тонна (2020 жылмен салыстырғанда +0,8%), өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,8 млн тонна (+21,4%) жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,7 млн тонна тиелді. Бұл арғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,9% көп.

ҚР ИИДМ жылу беру маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2021-2022 жылдарға арнап коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмірге қажеттілік жоспарын құрды.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерге жоспарланған 9,3 млн тонна көмірдің 9,28 млн тоннасы жеткізілді. Оның ішінде:

- коммуналдық-тұрмыстық секторға - жоспардағы 3 млн тоннаның 2,96 млн тонна (жоспарға 99%);

- халық үшін - 6,33 млн тонна көмірдің 6,32 млны (99,7%).

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша сату орындарында көмір жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қаражыра" АҚ, "Шұбаркөл көмір" және "Богатырь көмір" ЖШС мүдделерін білдіретін Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен меморандум жасады. Өңірлердің әкімдіктері де әлеуметтік көмірді көтерме жеткізушілермен осындай меморандумдарға қол қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады