Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда «Qazaq Green Power» атты жаңа энергетикалық компания құрылды

Қазақстанда «Qazaq Green Power» атты жаңа энергетикалық компания  құрылды
Фото: inform.kz

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «жасыл» активтері жеке компания болып бөлініп шықты. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Түйтебаев «Самұрық-Қазына» қоры Қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі «Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2022 жылғы 4 қарашада АХҚО юрисдикциясында Qazaq Green Power жаңа компаниясы тіркелді. 2024 жылы оны IPO-ға шығару жоспарлануда.

Серік Түйтебаевтың пікірінше, «жасыл» компанияны құру ЖЭК-ті дамытуға инвестиция тартады, жаңа жоғары білікті жұмыс орындарын құрады, бірыңғай холдингте «жасыл» активтерді шоғырландыру нәтижесінде дәстүрлі генерациямен қарама-қарсы субсидиялау тәуекелдерін азайтады.

«Самұрық-Энерго»АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, оның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т. б. кіреді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты