Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көмір экспорты көлемі 19%, құндық мәнде екі есе өсті

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында ҚР-да 86,7 млн тонна тас көмір, оның ішінде қоңыр көмір мен көмір концентраты өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Негізгі өндіруші өңірлер Павлодар және Қарағанды облыстары республикадағы жалпы көмір өндірісінің 90,6%-ын қамтамасыз етті. Павлодар облысында өндіріс былтырмен салыстырғанжа 4,9% көбейіп, 50,3 млн тоннаны, Қарағанды облысында 1,9% көбейіп 28,2 млн тоннаны құрады.


79,9 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық. Оның ішінде кокстелетін көмір өндіру 5,8 млн тоннаны құрап, бір жыл ішінде 14,3% артса, 12,8 млн тонна энергетикалық көмір өндірілді, көрсеткіш бірден 20,9% қысқарды.

Лигнит (қоңыр көмір) өндіру бірден 23,9% көбейіп, 3,7 млн тоннаға жетсе, көмір концентраты 4,4% артып, 3,1 млн тоннаны құрады.


Сегіз айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 653,2 млн АҚШ долларына 22 млн тонна тас көмір экспорттады. Өсім физикалық мәнде 18,5%, ақшалай түрде бірден 2,2 есе болды.


ТМД елдеріне 14,3 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,1% аз. Ресей ҚР өнімдерінің негізгі импортшысы болды: 13,4 млн тонна көмір сатып алды, бір жылда көрсеткіш 9,2% өсті. Одан кейінгі сатып алушылар Қырғызстан мен Өзбекстан.


Әлемнің басқа елдеріне 7,7 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге артық. Ақшалай есептегенде экспорт 8,6 есе өсіп, 451,6 млн АҚШ долларына жетті. Қазақстан көмірін алушылар Швейцария, одан кейін Польша мен Кипр.


Еліміздің ішкі нарығында биыл қазан айында көмір бағасы өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 10,9% қымбаттады.

Өңірлер бойынша көмір бағасы ең көп қымбаттаған Ұлытау облысы: бір жылда баға бірден 57,4% өсті. Одан кейін Абай (18,6% қымбаттады) және Солтүстік Қазақстан (18,5% қымбаттады) облыстары.


Ең аз жылдық баға өсімі Қызылорда облысында тіркелді: бар болғаны 0,3%. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді