Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция күніне орай ІІМ-де мінсіз қызметімен көзге түскен сақшылар мен ардагерлер марапатталды

Полиция күніне орай ІІМ-де мінсіз қызметімен көзге түскен сақшылар мен ардагерлер марапатталды
Фото: polisia.kz

Қазақстан полициясының күніне орай ІІМ қызметкерлері, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның ардагерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құрметіне орнатылған естелік тақтасына гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов салтанатты жиында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

Ведомство басшысы ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге және даңқты дәстүрлерді сақтауға үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысын білдірді.

ІІМ ең ірі және көпфункционалды мемлекеттік орган болып табылады. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау – ведомствоның басты міндеттері. Мұның бәрі полицейлерден күнделікті жауапкершілікті, жоғары біліктілікті, жанқиярлықты талап етеді.

Өзінің кәсіби мерекесінде де ішкі істер органдарының қызметкерлері заң мен құқықтық тәртіпті қорғауды жалғастыруда.

Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 816 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты, 4 628-і жарақат алды, 1 779-дан астамы мемлекеттік наградалармен марапатталды, оның 157-сі қайтыс болғаннан кейін.<!--more-->


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады