Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды

Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылғы 20 қыркүйекте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Алматы қаласы Полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды.

– Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді, – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

– Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім, – деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.

Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті.

Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді.

Сын жағдайларында бірнеше секунд ішінде олар жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде адамның өмірімен байланысты болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты