Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.


Ведомство бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев облыс ардагерлеріне төсбелгілер мен грамоталарды табыс етті.


Отставкадағы милиция полковнигі Сатыбалды Насыров ішкі істер органдарында 29 жылдан астам қызмет етіп, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту ісіне үлкен үлес қосқан ардагерлердің бірі. Ол ұзақ жылдар бойы Жангелдин және Қарасу аудандарының полиция бөлімдерін басқарған. Бүгін Сатыбалды Мәженұлына “ІІМ құрметті ардагері” төсбелгісі табыс етілді.


Қостанай облысының тағы бір құрметті ардагері Қабдуәлі Күдебаев Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Қабдуәлі Құсманұлы милицияда 25 жылдан астам жұмыс істеген.



Сондай-ақ запастағы полиция майоры Лидия Хоружик “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Лидия Александровна ішкі істер органдарында 27 жылдан астам қызмет еткен.


Департамент бастығының орынбасары А.Ынтықбаев ардагерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен барлық игіліктерді тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті