Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады

ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды Polisia.kz.


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 44 полицей мемлекеттік наградалар – II дәрежелі “Айбын” ордендеріне, “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік ерлігі үшін” медальдарына және Құрмет грамоталарына ие болды.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының атынан көзге түскен қызметкерлерге наградаларды тапсырды.


Ведомство басшысы жеке құрамды ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында біздің еліміз тұрақтылықты,табысты және дәйекті даму мен нығайтудың үлгісін көрсеткенін атап өтті.


Осы жылдар ішінде қалыптасқан құқық қорғау жүйесі мемлекет пен оның азаматтарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізіне айналды.


Қазіргі уақытта негізгі функциялармен қатар, бізге карантин режимін қамтамасыз ету бойынша ерекше міндеттер жүктелген. 50 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері медицина қызметкерлерімен бірге өздеріне тән емес функцияларды сәтті орындап келеді.


 

– Бүгін табысталатын марапаттар – сіздердің кәсіби еңбектеріңіздің бағасы ғана емес, бұл Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың ішкі істер органдарының барлық жүйесінің жұмысына берген бағасы. Бірақ бұл және жауапкершіліктің жаңа деңгейі болып саналады. Біз ел басшылығының жоғары сенімі мен халықтың үмітін ақтау үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмсауымыз керек– деді министр Ерлан Тұрғымбаев.


Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің еңбегі де мемлекеттік марапаттармен бағаланды. Министр олардың туыстарына арнайы наградалар тапсырды.


ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен қайтыс болғаннан кейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Мұхаметқали Сатов пен Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің бірінің медицина қызметінің бастығы Маратхан Ардан марапатталды.


 

Мемлекет басшысының атынан Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Министр өз сөзінде қоғам мен мемлекет тарапынан полицияға қойылатын талаптар артып келе жатқан қазіргідей уақытта олардың өмірлік және практикалық тәжірибесі өте құнды екенін атап өтті.


 

– Қоғамның сеніміне тек кәсіби біліктілік және өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау, қызметкерлердің әрбір адамның проблемаларына мұқият назар аудару арқылы ғана қол жеткізуге болады. Жеке құрам алдағы уақытта да өзінің қызметтік борышын жоғары деңгейде және жанқиярлықпен атқаратынына сенімдімін. Өйткені, әрқайсымыз үшін құқықтық тәртіп пен заңдылықты қорғау – бұл жай ғана жұмыс емес, бүкіл өмірімізді арнайтын ісіміз, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.


Министр жеке құрамға, ІІМ ардагерлеріне мықты денсаулық, амандық және жаңа кәсіби табыстар тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді