Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда жұбайын бірнеше рет пышақпен жарақаттаған азамат қолға түскен

Қостанайда жұбайын бірнеше рет пышақпен жарақаттаған азамат қолға түскен
Фото: polisia.kz

Қостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен үй ауласында жұбайын бірнеше рет жарақаттаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 маусымда “102” пультіне Қостанай қаласы аудандарының бірінің ауласында 47 жастағы ер адам мас күйінде болған жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткендігін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады.

Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында “Ұстап алу” жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.

Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойсұлу Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді.

Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды.

Қазіргі уақытта, 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды.

Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді