Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда такси жүргізушісін пышақтап, өлтіріп кетті

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірді деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Медиа порталдың жазуынша, 27 қазан күні сағат 17.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы айтылған. Оқиға орнына облыстық полиция департаменті және қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілген.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін анықтаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Ақпараттық порталдың мәліметінше, күдікті жол ақысына байланысты келіспеушілік туындағанын, жанжал барысында жүргізушіге пышақ жарақатын салғанын мойындаған.

"Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, ЖБИ ықшам ауданына барар жолдағы теміржол өтпесінің жанына тастап кеткен. Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазады басылым. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді