Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордалық полицейлер тұрғынды пышақтаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстаған

Қызылордалық полицейлер тұрғынды пышақтаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстаған
Фото: polisia.kz

Қызылорда қалалық ПБ “102” арнасына облыс орталығында орналасқан сауда орталығының алдында белгісіз тұлғаның бір азаматқа пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалағандығы жөнінде хабарлама түскен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Хабарлама бойынша дереу қала аумағында болған қылмыс туралы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілді. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Айта кетерлігі, күдікке ілінген азамат көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қызылорда қалалық ПБ жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен 49 қылмыс ашылып, 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады