Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда әйелге пышақ сұққан күдікті қамауға алынды

Түркістанда үйге кіріп, әйелге пышақ сұққан күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 3 қыркүйегінде Түркістан қалалық Полиция басқармасына қалалық ауруханадан жергілікті тұрғын әйелдің дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жіберіліп, қылмысты ашу мен күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жедел түрде іске асырды.

Анықталғандай, жергілікті тұрғын әйелдің үйіне бейтаныс ер адам шамамен сағат 10:20-да заңсыз кіріп келіп, пышақ жарақатын салған. Содан кейін ол қылмыс орнынан қашып кетіп, ізін суытқан. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар оқиға болған жерден қашып кеткен күдіктіні ұстау үшін Түркістан қаласы ПБ криминалдық полиция және тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның ішінде оқиға болған аймақты тінтіп, жәбірленушінің көршілері мен таныстарынан сұрақ-жауаптар алды. Сондай-ақ қаладағы бейнебақылау камераларын жіті тексерді.

Нәтижесінде полицейлер күндіз-түні тиянақты жүргізген жұмыстарының аясында бірнеше күннің ішінде күдіктіні ұстап, Полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді