Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері 7 заңсыз ойын бизнесін тоқтатқан

Түркістан облысының полицейлері 7 заңсыз ойын бизнесін тоқтатқан
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 7 заңсыз ойын бизнесін тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңсыз ойын бизнесі қызметінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарқынды жұмыс жүргізіп келеді.

Мәселен, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментімен бірлесе атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының Сарыағаш қаласында Bingo37, Keno, Fortuna және басқа да форматтағы компьютерлік ойындар қызметтерін ұсынған жеті ойын нүктесінің заңсыз қызметі тоқтатылды. Жедел уәкілдер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бірі, жергілікті тұрғынды ұстады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары Түркістан қаласында да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер мен Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірлесіп, қалалық автовокзалдардың бірінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ер адамды ұстады.

Қазіргі уақытта осы факті ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігі (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді