Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғыны үйінде көкнәр өсірген. Полицейлер 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.k сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Шардара ауданының полицейлері бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтап, өсірген күдіктіні анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Шардара ауданы тұрғынының үйіне тінту жүргізу кезінде құрамында есірткі заты бар өсімдік егістігін анықтады. Одан әрі жедел уәкілдер оның ауласынан өсіп тұрған 2454 түп көкнәрға ұқсас есірткі, сондай-ақ кептіруге дайындалған 80 түптен астам өсімдік тәркіледі. Сонымен қатар полицейлер күдіктінің үйінен салмағы шамамен 100 грамм болатын есірткіге ұқсас зат салынған қапшық пен шыны ыдыстағы көкнәр тұқымын анықтады. Сараптама тағайындалды.

Аталған жайт бойынша екі баппен сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар: ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) мен ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру). Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді