Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанармай өнімдері тәркіленді

Түркістан облысында заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанармай өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Түркістан облысы полиция департаменті мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері кенттердің бірінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады. Полицейлер күдікті әйелдің дүкен қоймасынан түрлі контейнерлерге құйылған шамамен 500 литр бензин мен резеңке шлангты айғақты зат ретінде тәркіледі.


Сондай-ақ жедел уәкілдер Сарыағаш ауданында орналасқан қараусыз қалған жанар-жағармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату дерегін тіркеді. Жергілікті тұрғыннан тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны бар цистерна тәркіледі. Жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатудың деректері Созақ, Түлкібас және Келес аудандарында да тіркелді.


«Отын-Энергетика» жедел-профилактикалық шарасы аясында ҚР ҚК-нің 197-бабы 1-бөлігі «Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу» бойынша 6 жайтты тіркеді. Заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанар-жағармай, оның ішінде дизель мен бензин алды. Қазіргі таңда барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді