Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында құмар ойынды ұйымдастырғандар сотталды

Атырау облысында құмар ойынды заңсыз ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Бекболат Әнесовтің мәліметінше, заңсыз ойын бизнесі Құрманғазы ауданында ұйымдастырылған.

«Қаржы мониторингі органдарының негізгі міндеттерінің бірі – «көлеңкелі экономика» саласын, оның ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылармен күресу. Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың маусым және тамыз айы аралығында Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында орналасқан «Мирғали» автотұрағының аумағындағы дүңгіршекте тыйым салынған құмар ойынды ұйымдастырған екі адамды анықтады. Олар алдын ала сөз байласып, елімізде бекітілген ойын бизнесі заңнамасын бұзатын қылмыстық әрекет жасаған», -деп хабарлады Бекболат Әнесов.

Құрманғазы аудандық сот үкімен құмар ойынды заңсыз ұйымдастырғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 2 (екі) жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда