Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жертөледе орналасқан заңсыз ойынхана "жабылды"

Алматыда ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері арнайы операция барысында астыртын ойынхана ұйымдастырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, жасырын казино Алматыдағы Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертқөлесінде болған. Ойыншылар казиноға арнайы құпия сөз арқылы кіріп жүрген. "13 қарашаға қараған түні ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Сәтпаев көшесінің бойында жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді. Арнайы операция кезінде 20-дан астам ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар құжаттама тәркіленді.

Қылмыстық әрекеттен түскен кірістің шамамен сомасы күніне 5 миллион теңгеден асып отырған", – деп хабарлады ведомство өкілдері. Арнайы операция кезінде казинода 20-дан астам келушілер болған, олардың арасында 30 жылдық тәжірибесі бар ойыншылар да анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабы 1-бөлігімен ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта казино иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар жүргізілуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді