Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы үздік нәтиже көрсетті

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы үздік нәтиже көрсетті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді ,деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстандық оқушылар Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді:

Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Алтын -  Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан.

Екі оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды. Даир Нұртаев, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы, Павлодар қаласынан. Марғұлан Нұрсағатов, №165  мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы, Алматы қаласынан.

Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен Халықаралық олимпиадада бақ сынайтын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда