Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Прокуратура: Мектепке балаларды жарақаттаған оқушы психиатриялық есепте тұрған

Петропавлда 3 оқушыны пышақ, балтамен жарақаттаған 9-сынып оқушысы ұсталды. «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтің айтуынша, 9-сынып оқушысы алдын ала болжам бойынша, мектепке балта мен пышақты сөмкесіне жасырып әкелген.

«Ешкім оқушының сөмкесін тексере алмайды, құқы жоқ. Кейін дәретханаға кіріп, одан қаруланып шыққан. Зардап шеккендер 9-шы және 10-сынып оқушылары. Екі ұл және бір қыз бала.

Екі баланың жағдайы қалыпты, облыстық балалар ауруханасында жатыр», - дейді Нәзір Жәшібеков.

СҚО прокуратурасы және полиция департаменті осы оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді.

«13 ақпан күні Петропавлдағы 4-орта мектепте 9-сынып оқушысы осы білім ордасының үш оқушысына дене жарақатын салды. Балалар аман, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, есін біледі.

Кәмелетке толмаған Д.-ны полиция қызметкерлері ұстады. Осы дерекке қатысты «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелет жасына толмаған Д. психиатриялық есепте тұр.

Жасөспірімнің және мектеп әкімшілігінің әрекетіне сотқа дейінгі тергеу барысында құқықтық баға берілетін болады. Қалған мән-жай анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді