Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық математикалық олимпиадада күміс және қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада (International Mathematical Olympiad) үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды. IMO 2020 жарысына әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Құрама команданың жаттықтырушысы, математика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Қанат Сатылханов шәкірттерінің жетістіктеріне көңілі толатынын атап өтті. Биыл балалар IMO 2020 халықаралық сайыстың барлық қатысушылары сияқты қашықтан дайындалды.


"Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Алтын медаль жеңіп алуға бір ғана ұпай жетпеді. Негізінен біздің балаларымыз өте мықты. Әр бала өз алдына қойған мақсатына жете алады. Осы ретте балаларға қолдау көрсету маңызды. Ата-аналар мен педагогтерге бірлескен еңбегі үшін алғыс айтамын", – деді Қанат Сатылханов.


Ел намысын қорғаған команда құрамына Таир Сатубалдин (Алматы қ.), Тамирлан Бектемісов (Алматы қ.), Нұртас Шынтас (Алматы қ.), Юрий Тен (Алматы қ.), Данат Дүйсенбеков (Нұр-Сұлтан қ.) және Фетуллах Сам (Нұр-Сұлтан қ.) кірді.


Халықаралық математика олимпиадасының ережелеріне сәйкес жоғары сынып оқушыларына екі күннің ішінде 6 есепті шешуі тиіс. Тапсырмалар математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша, негізінен геометрия, алгебра, сандар теориясы және комбинаторикадан беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді