Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Болат Назарбаевтың автобазары заңсыз ашылған

Болат Назарбаевтың автобазары заңсыз ашылған
Фото: saliqaly.kz

Қарасай аудандық соты бірнеше жер учаскесіне қатысты үкім шығарды. Прокурор жердің заңсыз берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін аудан прокуроры сотқа арыз түсірген. Қадағалаушы органның мәліметіне сәйкес, 2004-2019 жылдары мемлекеттік мекемелер мен Н.-ның арасында жер учаскелерін сатып алу бойынша типтік келісімдер жасалған. Бірақ учаскелердің бәрі ауыл шаруашылығы жерлеріне жатады. Оның барлығы басқа мақсатта пайдаланылған.Сот отырысы кезінде жауап беруші тараптың өкілі прокурордың талабын қанағаттандырмауды сұрады. Себебі арызда тәртіп бұзушылықтың мән-жайы көрсетілмеген. Ал мемлекеттік органдардың өкілдері соңғы шешімді соттың өзі шығарсын деді.
"Н.-ға ауыл шаруашылығы жерлеріне жататын учаскелерді беру кезінде мақсатын өзгерту үшін жер ресурстарын басқару бойынша облыстық басқарма мен орталық мемлекеттік органдардың алдын ала міндетті келісімі алынбаған. Осылайша жер учаскелерін беру тәртібі бұзылды", - делінген сот хабарламасында.
Азаматтық істі қарау барысында жерді сатып алу бойынша типтік келісімшарттардың күшін жоюға негіз болатын мән-жайлар анықталды.Айта кетері, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметке сәйкес, Қарасай аудандық сотында қаралған жер учаскелері Қазақстанның экс-президентінің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі. Жалпы ауданы 37 гектарды құрайды. Ол жерде "Барыс" автобазары орналасқан.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты