Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жер учаскелері электронды платформа арқылы беріледі

 

Бас прокуратура жерді беру және оны мақсатты пайдалану кезінде ашықтықты қамтамасыз ету міндетін алға қойды. Осы орайда Қазақстанның Бас прокуратурасы коммерциялық жерлерді кәсіпкерлік үшін беру бойынша электронды алаң құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.


«Біздің алдымызға жерді беру және оларды мақсатты пайдалануда ашықтықты қамтамасыз ету міндеті қойылды. Ол үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жер телімдерін бөлудің электрондық алаңын құратын боламыз. Бұл мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және бюрократиялық кедергілерді болдырмауға өз септігін тигізетін болады», - дейді Марат Ахметжанов. 


Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл прокуратура органдары 31,6 мың гектар жерде 10 мыңға жуық коммерциялық жердің пайдаланылмағаны анықтаған. Олардың айналымға енбеуінің себебі инфрақұрылымның әсері мен қала құрылысы құжаттарының болмауынан, сонымен қатар әкімдіктердің әрекетсіздігі мен бақылаудың төмендігінен болып отыр.


Сонымен қатар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев елімізде жер аукциондарының әлеуеті нашар пайдаланылып жатқанын атап өтті. Соның ішінде өткен жылы ауданы 250 мың гектар болатын коммерциялық жер учаскелеріне 17 мың рұқсаттама құжаты берілген, ал жер аукциондары арқылы тек 1 мың жер телімі таратылған.


Сондай-ақ Тимур Құлыбаев жер аукциондары арқылы мемлекеттік кірісті ұлғайту мүмкіндігі бар екенін айтады. Оның айтуынша, Алматы қаласында өткен аукцион кезінде жердің бастапқы құны 88 есеге дейін өскен.


Айта кетсек, жер учаскелерін электронды платформа арқылы беру жұмыстары «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының салалық бағыттарын жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр.


Көрнекі фото: pixabay.com
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді