Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді

Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Фото: видеодан кадр

Есірткі сатумен айналысқан күдіктілер бөлшек сауда үшін “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта синтетикалық есірткіні көтерме де, бөлшек саудада да сатушыларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өткен аптада ғана қалада 8 есірткі сатушы ұсталды.

Қылмыстың жасалу механизмін саралай келе, полиция қызметкерлері, “көтерме саудагерлер” Алматы облысындағы жұмыс берушілерден тауар алатынын анықтады.

Әдетте, “қоймалар” қараусыз қалған немесе таулы аймаққа орналастырылады.

1. 29 жастағы Т. есімді азамат. Одан 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді.

– Мені полиция қызметкерлері Алғабас шағын ауданында ұстады. Бұл синтетикалық заттарды мен Алматы облысындағы Қаскелең ауданында бетбелгілер арқылы көтердім. Менің пәтерімнен барлығы 1,5 келі табылды. Заңсыз жұмыс жасауға кіріскеніме өкінемін. Бәрібір түрмеге түсесің, бәрібір ұсталасың, – деді ол.

2. 22 жастағы С. есімді азаматтан заңсыз айналымдағы 110 бума синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

– Мен “пакетті алып барасың, сосын ақша жібереді” деген нұсқау алдым. Мен мұны аптасына екі рет жасадым. Үшінші ретте мені полиция тоқтатты, – деді өз сөзінде С. есімді азамат.

3. Тағы бір 22 жастағы Ж. есімді азаматтан да заңсыз айналымдағы 110 бума синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

– Сыныптасым сөмкені апарып беруді өтінді. Бірінші ретте қолымнан келді, екіншісінде ұсталдым. Барлығына күмәнді жұмыстармен айналыспауға кеңес беремін, – дейді ол.

4. 18 жастағы А. есімді азаматтан 1 келі 400 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

– Полиция қызметкерлері мені меф есірткісін қойып жатқанымда ұстады. Қазір жағдайым өте нашар: жеңіл ақшаның соңынан кеттім. Жастарға есірткі сатумен айналыспауларын сұраймын, әйтпесе бүкіл өмірің құртатынын ескертемін, – деп түйіндеді А. есімді азамат.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады